Lamoda KZ
Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер. | Refik.kz :: Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар
0

Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.

ЖОСПАР

Кіріспе
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.
1.2. Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы.

ІІ бөлім. Түрлі зақымдардан гнозистің бұзылуы.
2.1. Мидың маңдайлық бөлімдері әлсірегенде гностикалық процестердің бұзылуы.
2.2. Көру қабықшасы әлсірегенде заттық қабылдаудың бұзылуы және симультанды агнозия.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Психиканы функциялық жүйе ретінде түсіну үшін психиканы сыртқы тәжірибе іс-әрекетті туғызған ішкі іс-әрекет ретінде осының құрамына кіретін оның са қажетті бөлігі немесе жағы ретінде қараудың аса маңызды болады. Алайда бұл пікір қисынды түсіндіруді талап етеді. Ең алдымен психиканың ролін анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әркеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әрекеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын жағдай айқын емес. Ішкі іс-әрекет сыртқы іс-әрекеттің функциялық бөлігі немесе өзінің ерекше функцияларын осы іс-әрекет жүйесінде орындайтын органы болса ала ма немесе сыртқы және іс-әрекеттер функциялық жағынан мәні бірдей ме және бірыңғай, іс-әрекеттің екі жағы.
Биологиялық белсенділіктің өрістеуі, жаңа тіршілік жағдайларына қосылумен байланысты. Жоғарғы психикалық функция тіршілік әрекетінің аймақтарын кеңейту, ұдайы жаңа жағдайларға барып және онда организмге сәйкес іс-әрекетті қамтамасыз ететін жаңа рефлекторлық жүйелерді қалыптастыруды талап етеді.
Тіршілік ортасының күрделенуін организмнің соған сәйкес күрделенуімен жеңеді. Биологиялық түрлері белсенділігі тұрақты болған жағдайда, физиологиялық жүйелерге сәйкес автоматты функциялық өрістеу, табиғи сұрыпталу жолымен психикамыздың жоғарғы функциясы бейімделу біртіндеп қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ салыстырмалы түрде біркелікті ауысып отырады. Жоғарғы психикалық функциялары осы кездегі көптеген психологиялық мәнге жауап беретіндей.
Психиканы түсіндірудің тағы бір танымал тәсілі оған мидың немесе жүйке жүйесінің функциясы деп анықтама беру яғни психикаға қарағанда белгілі бір зат деп қабылдауға болатын нақты физиологиялық органмен қиюластыру.
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.

Баланың өсіп, дамуы орталық нерв системасының «жетілу» дәрежісне байланысты. Мидың тиісті бөлімдері дамып болмайынша бала жүре де, сөйлей де алмайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы организмінің қызметі, оның ішінде жоғарғы жүйке жүйесі мен үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметі тез дамиды. Сезіну, қабылдау, ақыл-есікөңіл бөлуі, ойлауы сияқты балалардың жалпы психикалық дамуы күшейеді.
Кішкене сәбидің миының қызметі – үлкен ми сыңарларының қыртысы мен ми қыртысы асты бөліктерінің қызметі тез дамиды. Мидың бұл екі бөлігінің бірігіп атқаратын қызметін И.П.Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметі деп атаған.
Бала туғанда құрылысы қалыптасып туады, ал ми қыртысы қызметі туғаннан кейін ана құрсағынан тыс өмірдегі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Тиісті рецепторлар қабылдаған тітіркену организмнен өзіне жауап қайтаратын реакция тудырады, сөйтіп организмнің өзін қоршаған ортамен әрекеттестігі белгіленеді, бұл бала туғанда бірге туған дайын реакция, яғни шартсыз (туа біткен) рефлекстер негізінде пайда болады.
Нерв процестерінің функционалдық жетілмеуі салдарынан жаңа туған сәбидің сипаты өзгешелеу болады. Қандай да бір рецепторлы тітіркену жеке емес, тұтас реакция тудырады. Мысалы, сәби қолын ауыртып алса, тек қолын тартып алып қана қоймайды, жалпы тынышсызданып түрлі қимылдар жасап, мазасызданады.
Жаңа туған сәбилердегі тамақ және сезім мүшелер доминатты алғашқы шартты рефлекстер болып есептелінеді. Бұл рефлекстер бала өміріндегі белгілі жағдайдың негізінде пайда болады. Тіршілік жағдайының өзгешеліктеріне қарай әртүрлі шартты рефлекстер қалыптасады. Бұл алғашқы шартты рефлекстердің пайда болуы. Ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің бастамасы, ми қыртысының жеке бөліктерінің дара байланысын «тұйықтау» қабілетін белгілеу екендігінің дәлелі. Сонымен ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің дамуы балаларда өмірінің алғашқы айынан бастап, 3 жасқа дейін өте тез дамиды. Алғашқы бірінші айдың аяғы екінші айдың басында көру және есту сезімдерінің пайда бола бастауынан көру мен есту шартты рефлекстері қалыптасуы мүмкін.
Түйсіну негізінде функциялар дамиды. Жалпы психологияда оны таным деп белгілесе, нейропсихология оны белгілі бір модальдікке жататын гнозис деп атайды. Енді аса гнозистік пайда болу тарихы жөнінде бірер сөз. Антропогенез белгілі бір кезеңінде адам психиасында пайда болуы, яғни адамзаттың даму тарихында жекелеген анализаторларда ассоциациялық байланыс туындауымен келіседі. Космостағы жекелеген планеталар сияқты оның әрқайсысы бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Біртіндеп олар мәліметті біріне-бірі бере бастайды. Осыған орай бір түйсік екінші біреуінен қосымша күш немесе қуаттауы болғаннан кейін, немесе басқалай айтсақ, басқамен біріге отырып, күрделі дағды – гнозистылыққа айналады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түрі жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.
Осыдан, осы ойыншықтың туындауы барысында көру және есту түйсігінің арасында ассоцияциялық байланыс пайда болады. Міне, осы сияқтыларды нейропсихологияда көру және есту гнозисі деп атайды. Гнозис – тану деген мағынаны білдіреді. Экстрорецепторлық түйсіну түрлеріне байланысты көру, есту, тері (тактильді), дәмдік, иіс гнозистері қызмет көрсетеді. Түйсікке байланысты адам белгілі бір білімдерді ала бастады.
Шартты рефлекстер әр түрлі сыртқы тітіркендіру әсерінен де қалыптасады. Шартты рефлекстердің бала өмірінің алғашқы айынан-ақ қалыптасу мүмкіндігі – баланы алғашқы күннен бастап дамыту қажеттігінің анық дәлелі.
Сыртқы қоздырғыштарға қандай да бір жауап реакцияларын беру қабілетімен қатар ми қыртысы клеткаларына бірінші күннен бастап тежелу жағдайы немесе «тежегіш қозу» да тән қасиет (П.К.Анохин). Мұндай тежелу екі қоздырғыштың бір уақытта әсер етуі негізінде пайда болады да олардың бірі екіншісінің әсерін жояды (тежейді). Мысалы, сәбилік кезеңнің сәбилері бір нәрсе істеп отырғанда, «алаңдау» немесе ырықсыз зейін тудыратын құбылыс болса, онда ол өзінің істеп отырған жұмысын тоқтатады. Өйткені, сәбилерде барлық «жаңа нәрсеге» бейімделу реакциясы өте күшті болады. Сондықтан да сәбилер сәл нәрсеге өте тез көңіл бөлгіш келеді.
Сондай-ақ сәбиелерде тежелу жағдайы қоздырғыштың «шамдан тыс» күшті әсерінен де болады. Шамадан тыс күшті дыбыстық қоздырғыш, «тез мұнда кел» деген қатты айқай бала қимылын толық тежейді. Мұндай уақытта бала тұрып қалады. Мұндай тежелудің қорғағыштық маңызы бар, оны қорғағыштық немесе шамадан тыс тежелу деп атайды. Мидың бір бөлігінің қызметі тежелсе оған басқа түрліше қоздырғыштар әсер ете алмайды. Мысалы, қолына алған кітапты қызыға қарап отырған балаға «тұрып қолыңды жу» немесе т.б. тапсырма бергенде бала оған көңілін аудармай отыра береді. Физиологтардың айтуынша «сыртқы тежелу» деп аталатын мұндай тежелу орталық жүйке жүйесінің бала туғанда қалыптасып туған қасиеті, ол ешбір арнайы тәрбиелік әдістерге байланысты емес. Мұндай жағдайда бала қиқарлығына балау орынсыз. Сондықтан баланың нейропсихологиялық дамуын ескерген абзал.
Сәби өмірінің 3-4 айлығында жағымды шартты рефлекспен қатар тежегіш шартты рефлекстер, яғни іштей тежелу процестерінің дамып, қалыптасуы жүреді.
Іштей тежелудің бір түрі – «баулау» немесе басыла бастау. Мұнда қажетсіз рефлекстер баяулайды да, оның орнына соған барабар, төңірегіндегі құбылыстарға сезімтал қарайтын реакция орнын баса бастайды. Оған бір мысал келтіріп көрейік. Үш айға дейін балаларды қолға алғанда емуге әзірленетін рефлексі біртіндеп жойылады, енді ол көтергенде емуге ыңғайланған қимыл жасауын тоқтатады. Қолға алып, кеудеге тақағанда емуге ыңғайланатын шартты рефлекстің баяулауы немесе жойылуы себебі қолға алған сайын баланы емізе бермегендіктен туындайды. Баланы күніне бірнеше рет емізуден басқа – көтеру, дымқыл жаялықтарды ауыстыру, ойнату, сергіту және т.б. қолға алады. Сондықтан да шартсыз тітіркендіргіш үнемі әсер етпеуінен ерте пайда болған рефлексетр тежеледі, баяулайды, бірте-бірте жойылады. Тіршілік жағдайына неғұрлым дәл бейімделу басталады – бала тек анасының емшегін немесе сүт құйылған бөтелкені көргенде ғана емуге ыңғайланатын қимыл жасайды. Яғни бұл кезеңде бала анасының, өзіне күнделікті таныс адамдардың келбетін айыра бастайды. Сәбидің келбеттік гнозисінің жұмысы қалыптасады. Бала анасын көргенде немесе қолына ұстағанда ғана емуге әзірленеді. Жақын адамдарды көргенде езу тарту, күлу сияқты белгілер, ал таныс емес адамдарды көргенде жатырқау, жылау т.б. көріністер арқылы сәбидің келбеттік гнозисінің жұмысынан оның айыру деңгейлерін байқауға болады. Егер келбеттік гнозис жұмыс істемесе, онда сәбиге кімнің көтергені, қолға алғаны бәрібір болады. келбетті айыра алмау прозоп-агнозия деп аталады. Мұндай жағдайда, ол адамның кейбір белгілері – дауысы арқылы ажыратады. Келбетті еске сақтаудың маңыздылығын айтудың өзі артық.
Келбеттік гнозис – оң жақ жарты шардың самай-төбе-артқы бөлігінде локальданады. Келбеттік гнозистің мидағы өкілдігі барлық адамда тұрақты болады. Сол себепті оң жақ жарты шар бір қатар қызығушылық танытып, жоғары сенімділікке диагностика арқылы келбеттік гнозистің бұзылуын айыруға болады.
3-4 айда іштей тежелудің басқа бір түрі – ажырату (дифференцияциялау) қалыптаса бастайды. Н.И.Касаткиннің көрсетуінше лабораториялық жағдайда 3-айдың аяғында немесе 4-айда бала заттың түсін ажырата алады (мысалы, жасыл мен сары, әсіресе екі түсті айыра алады).
Сонымен, балаға қызыл түсті бөтелкені көрсетіп және одан кейін үнемі сол бөтелкеден тамақтандырып отырса, ол көк түсті бөтелкеден бірде-бір рет тамақ ішпесе, онда бала қызыл түсті бөтелкені көргенде оны ашуға ұмтылып, еметін қимыл жасайды (яғни жағымды шартты рефлекс пайда болады), ал бұрын одан тамақ ішіп көрмеген көк бөтелкені көргенде тежелу реакциясы пайда болып, оның көруге байланысты ажырату құрылады.
Бұл сияқты ажырату 3-4 айларда пайда болу үшін балаға заттардың әртүрлі түсіне үйрете берген жөн. Алғашқы айдың аяқ кезінен бастап-ақ баланың тұсына түрлі-түсті ойыншықтар іліп қою арқылы ажырату процесін құруға байланысты түстік гнозис ұйымдастырылады.
Балалардың түстік гнозисі біртіндеп дамиды. Алғашқы кезде ашық, түсті спектрлі (қызыл, көк, жасыл), сосын ашық еместеу (ақ, қара, қоңыр, қызғылтсары) түстерді меңгереді.
3 жастан бастап балалардың сенсорлық тәрбиесінде сенсорлық эталондарды таныстыру мен оларды пайдалану тәсілдері жүзеге асады.
Түстік гнозиске байланысты сенсорлық эталонның аймағында хроматты және ахроматты түстер пайдаланылады. Хроматты (түрлі-түсті) – түстік спектріне – қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көк, көгілдір (голубой), күлгін түсті (фиолетовый); ахроматты түске – ақ, қара, сұр жатады.
Хроматты түстерді қатаң сақталынатын белгілі бір реттілікте орналасу тәртібін қажет етеді. Мысалы, қызылдан күлгін түске дейін. Осы орналасу ретіне байланысты хроматты түстерді екі топқа бөледі.
1) Жылы түс – бұл қызылдан сарыға дейін;
2) Суық түс – жасылдан күлгін түске дейін.
Алғашқы кезде балаларға хроматты түстерді пайдаланады. Бұл біріншіден сол түстерді ажыратуға себепші болса, екіншіден, сол түстер туралы түсініктері қалыптасады. Алғашқы кезде алты түрлі хроматты түс пайдаланылады. Қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін түстіні. Тек көгілдір пайдаланылмайды, себебі ол түсті меңгеру қиындықпен меңгеріледі. Көк пен көгілдірді ажырату қиынға соғады және көгілдір, көктің ашық реңі деп атайды. Көгілдір түсті меңгерту түстердің реңдерін (оттенок) ажырататындай болған уақытқа қарай шегеріледі. Әрбір түстіңашық реңдерін меңгеру 4-5 жастан бастайды және оның аттарында атап, айырып, тануға машықтанады.
Ал ахроматты түстер 3 жастан бастап балалар танып, пайдаланады. Балалардың түстік гнозисі тек ойыншықтар түсімен емес, бейнелеу өнеріне жататын – сурет, жапсыру (аппликация), құрастыру жұмыстарын да пайдаланады. Балалар сурет салу кезінде шөпті – қызылмен, аспанды – жасылмен де бейнелеуі мүмкін. Мұндай түске байланысты болатын «еркін қатынасқа» ерік беруге болады. Сурет салу кезіндегі мұндай түс еркіндігін жасау кезінде түс түрін өзгертуді немесе тек сол салынып жатқан түс болмысына қарай таңдаудың қажеті жоқ. Затқа тән түстің тұрақтануы үшін, толық ойлап түстік көру керек, ал ол бірденінен қалыптаспайды. Түсті жеке дара қабылдау стандартты емес болып қалады және үлкендерде көркемдік шығармашылықта көрінеді. Ұлы шеберлердің салған полотноларында түстерді пайдалану шынайы емес, көркемдік-психологиялық бағытта пайдаланатынын көреміз. Балаларда түсті таңдау кезінде де психологиялық фактор қозғау салады. 5 жасқа дейінгі баланың суретінде пропорцияны сақтамау, геометризацияны сызып тастау – толық нормалы құбылыс. Үлкендер балалардың сурет салуда түсті пайдалануына кедергі келтірмей және өз кононы бойынша сурет салып, түсті пайдаланудың қажеті жоқ.
6-7 жастағы балалар түстің түрлі реңдерін айырады, оларды бағалап, талдап бере алады.
Түстік гнозис жарты шардың самай-артқы бөлімі субдоминантта есебінде жүзеге асады. Жарты шарлардың доминанттылығы түстерді қабылдау абстрактілігін байытуды қамтамассыз етеді. Осыған орай түрлі түстерді, олардың реңдерін таңдау, жіктеу жүзеге асады. Оң жақ жарты шардың түстерді субдоминаттығы түстерді элементарлы түрде тануға мүмкіндік береді.
Заттық көру гнозисі – айналадағы ақиқатты бағдарлауда маңызды орынға ие. Соның нәтижесінде адам заттарды айыра алады.
Көру гнозисін қалыптастыру нақты заттарды тану мен нақты бейнелерді танудан басталады. 2 жасқа дейінгі нәрестелерге оригиналына жақын ойыншықтар мен картиналар түсінікті әрі қызықты болады. Балаларға берілетін белгілі бір стильдегі (күрделі, қитұрқылы) ойыншықтар мен картиналарды беруге болмайды.
Алғашқы кезде қарапайым көру объектілерін, олардың маңызды белгілерін, заттарды салыстыруды меңгеріп алу керек. Мысалы, орындықты столдар айыру үшін, бала орындыққа отыратынын, ал столдың арқасы болмайтынын және оның көлемі үлкен болатынын біледі. Ал ыдыс-аяқ, үй жабдықтары, жануарлар, көкөністен, жемістер және т.б. ойыншықтар көшірмесін ойыншықтар әлемінен, заттар әлемінен тез айырып, тани алады. 2 жастан бастап балалардың көру гнозисі күрделене түседі және енді «мультиктердегі» қарапайым стильдік типке қызығушылық танытады. Мұндай бейнелеулер барынша мәніне қарағанда символикалық, енді олар кемелденген қабылдауды қажет етеді. Өсе келе балалар штрихты, көлеңкелі, сызып тасталған суреттерді қалай бастайды.
Тактильді гнозис – бұл материалдың сыртын, текстурасын сипау арқылы байқап білу; заттың формасын тану; сонымен бірге жылы және аурулық сигналдарды қабылдау қабілеті.
Түстік гнозис – балалардың түстік гнозисі біртіндеп дамиды. Алғашқы кезде ашық түсті спектрлі (қызыл, көк, жасыл), сосын ашық еместеу (ақ, қара, қоңыр, қызғылтсары) түстерді меңгереді. Балалар сурет салу кезінде шөпті – қызылмен, аспанды – жасылмен де бейнелеуі мүмкін. Мұндай түске байланысты болатын «еркін қатынас» толығымен ерік беруге болады. Баланың сурет салу кезіндегі мұндай түс еркіндігін, басқа түске немесе болмысына тән түске ауыстырудың қажеті жоқ. Затқа тән түстің тұрақтануы үшін, толық ойлап түстік көру керек, ал ол бірденінен қалыптаспайды. Түсті жеке дара қабылдау стандартты емес болып қалады және үлкендерде көркемдік шығармашылықта көрінеді. Ұлы шеберлердің салған полотноларында түстерді пайдалану шынайы емес, көркемдік-психологиялық бағытта пайдаланатынын көреміз. Балаларда түсті таңдау кезінде де психологиялық фактор қозғау салады. 5 жасқа дейінгі баланың суретінде пропорцияны сақтамау, геометризацияны сызып тастау – толық нормалы құбылыс. Үлкендер балалардың сурет салу кезіндегі болмысты бейнелеуіне кедергі келтірмеу керек, яғни оларды конон бойынша сурет салуға үйретудің қажеті жоқ.
6-7 жастағы баланы түсті спектрмен қоса оның реңдерін де меңгеруін қадағалау. Түстік көру гнозисінде түске қарай реңді таңдауды бағалау керек, бұл ойлаумен, дәлірек айтсақ құбылысты жіктеумен байланысты.
Келбеттік гнозис – көру гнозисінің ішіндегі ерекше түрі. Ол басқа көру-гнозистік іс-әрекетінен оқшауланғандай қалыптасады. Баланың ең алғаш меңгеретіні – ол анасының және оған жақын адамдардың келбеті. Одан кейін басқалардың да келбетін танып, оларды өзгелерден айыра білу керек. Адам өмірінде келбеттік гнозистің маңызы зор, адам онсыз өмір сүре алмайды.
Симультанды гнозис – күрделі бейнелерді тұтастай көру, жекелеген бөліктерді тұтастыққа айналдыру, оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін көре білу қабілеті. Осындай тәсілмен сюжетті картина қабылданады. Егер осындай міндетті қоя отырып картина қабылданбаса, оның қабылдау тұтастығы орындалмай қалады. Симультанды гнозис барынша ойлаудың дамуымен тікелей байланыста болады және ол ең негізгі көрсеткіш болып есептелінеді. Симультанды көру гнозисі оң жақ жарты шардың артқы бөлігінде немесе мидың екі жақты артқы жүйесінде өз өкілдіктерін иеленеді.

1.2. Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы.

Көру гнозисінің мида ұйымдасуы заттық көру гнозисі мидың екі жақ жарты шарының самай-артқы, төбе-артқы және артқы бөлімінің локальдығымен немесе олардың бірімен байланысты (18 және 19 бөлімі) болады.
Гнозистің түрлі болуына байланысты көру гнозисі жоғарғы фукнционалды дифференциалдық жағдайда болады. Әрбір көру гнозисінің түрлерінде белгілі бір көру бөлімінің локальдылық ерекшелігі болады. мидың үлкен екі жақ жарты шардың самай-артқы бөліміндегі локальдылығына ие болған көру гнозисі. Бір жарты шардың есебімен де міндетті қызметін атқара алады. Белгілі бір стильдегі заттарды көру арқылы тану сол жақ жарты артқы-самай локальдылығы арқылы жүзеге асады. Бұл аймақ оптикалық заттарды тану мен айтуға мамандалған.
Оптикалы-кеңістікті гнозис бірнеше – көру, есту, тактильді, вестибулярлы, кинетикалық, анализаторлық жүйелерінің кешенді өзара әрекеттестігі есебінен жүзеге асады. Мұндай түрлі модальдықтан келетін мәліметтерден құралған синтетикалық функция болып табылады. Сондықтан оның локальдылығы мидың сол жақ және оң жақ жоғарғы-төбе және төменгі-артқы бөлімдеріне таралады. Осы функцияны жүзеге асыруда мидың басқа бөлімдері де: маңдай, төбе, самай және т.б. қатысады. Олар қимыл-қозғалыс, конструктивті, вербальды-логикалық сияқты іс-әрекетті меңгеруге қатысады. Мидың әрбір жарты шары оптикалы-кеңістікті гнозисті жүзеге асыру үшін өздерінің арнайы үлестерін қосады.
Әріптік гнозис – сол жақ жарты шардың самай-артқында локальданады, жарты шарлардың тілдік доминанттығына ие болады. Кейбір адамдарда әріптік гнозис өкілдігі оң жақ жарты шарда болады.
Келбеттік гнозис – оң жақ жарты шардың самай-төбе-артқында локалданады, жарты шардың субдоминанттылығында болады. Барлық адамдарда келбеттік гнозистің мидағы өкілдігі тұрақты болады. Осыған байланысты келбеттік гнозистің бұзылуы жоғарғы шын диагностикалық симптомының болуы мидың оң жақ жарты шарының қызығушылығын мәлімдейді.
Түстік гнозис жарты шарлардың субдоминанттығында, самай-артқы бөлімінің есебінен жүзеге асады. Жарты шарлардың доминанттығы түсті қабылдаудың абстрактіленген, байытуды қамтамассыз етеді. Осыған орай түрлі түстерді, гаммаларды таңдау – түсті жіктеу жүзеге асады. Оң жақ жарты шардың субдоминанттылығы түстерді элементарлы түрде тануға мүмкіндік береді.
Тактильді (сезетін мүше) гнозисі үлкен екі жарты шардың екеуінің де төбе зонасы қабыршығының жүзеге асыруымен болады. Сол қолдың тактильдік қабілеті төбе оң жақ жарты шармен,оң қолдың тактильдік қабілеті төбенің екі жақ шардың қабыршығымен байланысты болады.
Тактильді анализатордың ядролық зонасы артқы орталық қатпарда болады. Бірінші алаң (3) дененің тері-кинестикалық сезімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Екінші алаң (2, 1, 5, 7) күрделі дифференциалды тактильды сигналдар қатынасына маманданған. Осылардың арқасында заттарды сипап-сезу арқылы тани алады. Егер, осы мидың аймақтары зақымдалса, оның қабілетінің бұзылуын астереогенез деп атайды. К.Вернике (1894) мұны «тактильді асимболия» деп атады. Бұл символикалық тактильді іс-әрекеттің бұзылуы дегенді білдіреді. Нильсон мұны «төбе тактильді агнозиясы» деп атаса, Н.Вау мұндай бұзылулар элементарлы сезімдіктің бұзылуынан болады деп көрсетеді.
Хэдтің қорытындысы бойынша төбе қабыршығы бір ғана емес, екі тактильді тітіркендіруді қабылдауды және оның мидың осы алаңының зақымдануына байланысты біреуі тез өшіп қалады. Осы көзқараспен қарасақ теріге сызылған «бейне» симультанды топтың бірлескен сигналының нәтижесінде оны тануға қабілетті болады.
Осы аймақтағы бірден-бір кешеуілген формациясына (39, 40) төбе-артқы бөлімі жатады. Олар үшінші болады және ТРО едәуір бөлігін құрайды. Ол өз кезегінде жабылғы аймағы болады. Ол самай, төбе-артқы қабыршықтардың бір-біріне қондырылуынан құрылады. Өзінің осындай құрылуына байланысты полимодальды деп аталып ЖПФ ең күрделі локальдығын жүзеге асыруға қабілетті болады. ТРО аймағы одан басқа кинестетикалық, вестибулярлық, көру аппараттарымен күшті байланысты болады. Осыған байланысты қозудан түскен күрделі кеңістікті формадағы синтезді жүзеге асырады және ол кеңістікті-бағдарлау және конструктивті кеңістік іс-әрекеттердің мазмұнын құрайды. Төбе бөлігінің қабыршығының осындай қасиеті тіл бөлімін пайдаланатын тілдік іс-әрекеттің локальдылық орнына айналады. Оның сандық, кеңістік, уақыттық мәнімен қоса: қосымша, суффикс предлогы, уақыт глаголы бар.
А.Р.Лурия кеңістікті қабылдаудың ассиметриялық маңыздығына ерекше көңіл аударады. Оң жақ жарты шар кеңістіктің сол бөлігімен қабылдаса, ал сол жарты шар кеңістіктің оң бөлімін қабылдайды.
Оң жақта орналасқандар қабылдау басымдылығына ие болады.
Түстік гнозистің бұзылуын агнозия деп атайды. Ол сол жақ доминантты және оң жақ субдоминантты үлкен жарты шардың самай – артқы бөлімінің бұзылуына байланысты болады. Мұндай жағдайда түсті айыру, атау, оны еске сақтау қиынға түседі. Бұл жөнінде К.Гольдштейннің түстік агнозияның пайда болуын қабылдаудан талдап қорытудың бұзылуына байланысты деп көрсетеді.
Белгілі бір локальдықтың бұзылуын агнозия деп атайды. Бұған тактильді гнозис те жатады. Сондықтан тактильді гнозистің бұзылуын тактильді агнозия деп атайды.
Тактильді агнозия екі негізгі түрде болады:
1) Материал, объектінің және оның сапасының үстіңгі қабатын танудың бұзылуы.
2) Объектінің формасын танудың бұзылуы – астереагноз.
Кез келген пластмасса, ағаш, темір және т.б. бұзылуынан жасалынған заттар біркелкі тұрғыда белгіленеді. Сондықтан кірпіштен, ағаштан және т.б. жасалғанын ажырата алмайды.
Астероагноз дегеніміз – заттарды тани алмауды айтады. Мысалы, құпия қапшыққа түрлі формадағы ойыншықтарды салу арқылы ойыншықтың формасын, атын атау ажыратылады. Міне, осындай жағдайда, астереагнозға ұшыраған бала тани алмайды, бұл Герстман синдромы деп аталады. Мұның бұлай аталу себебі, оны Герстман ашқан. Бұл сол жақ төбе артқы жарты шардың зақымдалуына байланысты болады.
Заттық агнозия және оның бұзылуы.
Заттық агнозияда, заттың формасын, қалпын танудың бұзылуы, сонымен бірге заттың бейнесі мен оны тани алмай қалу құбылыстары да жатады. Көру агнозиясына байланысты 1967 жылы Кок деген ғалым өзінің «Көру агнозиясы» деген еңбегінде мидың самай артқы бөлігінің бұзылуына байланысты болатындығын айтады. Самайдың артқы екі жақ жарты шары да зақымдалса, онда заттық көруін ажырата алмайды. Мұндай бұзылу кезінде, олар ұқсас заттарды бір-бірінен ажырата алмайды, қарапайым заттарды ажыратудан қалады. Егер самайдың бір жағы ғана зақымдалса және оң жағы болған жағдайда, заттың тұтастай бейнеленуін тану қиынға соғады, мұны субдоминанттылық деп атайды. Ал, егер үлкен жарты шардың самайдың сол жақ артқы бөлігі зақымдалса, онда бір-біріне қойылған заттардың ажыратылуы қиынға соғады, мұндай заттық агнозияны доминанттылық деп атайды.
Түстік агнозия және оның бұзылуы.
Самай артқы оң және сол жақ функциясының бұзылуына байланысты болады. Түстік агнозияда бір-біріне жақын түстерді ажырату қиынға соғады.
Келбеттік агнозия және оның бұзылуы.
Келбеттік агнозияны прозопагнозия деп атайды. Мұнда таныс адамның келбетін ажыратудың қиындығын айтады. Мысалы, өзіне ең жақын адамның суретін альбомнан немесе тікелей шынайы түрде ажырата алмайды. Мұндай жағдайда келбеттік агнозияның бұзылуына байланысты белгілерді ажыратуға белгілі болады. Мұндай адамдар дауыс ырғағына, беттің тексттік қимыл-қозғалысына байланысты да ажыратады. Келбеттік агнозияның бұзылуы самай-төбе-артқы жағының оң жақ жарты шарының бұзылуына байланысты болады. Бұны да субдоминантты үлкен жарты шардың бұзылуына байланысты болады. Келбеттік агнозияны анықтау үшін, мынадай жұмыстарды жүргізуге болады. танымал адамның портреттерін пайдалану арқылы олардың келбетін ажырату. Күнделікті өмірде жиі көріп жүрген адамның суреттерін пайдалану арқылы ажыратуға болады.
Симультанды агнозия. Симультанды агнозия – мазмұнды картинаның мәнін бағалауға қабілетсіздік.
Көру агнозиясы – агнозияның ішіндегі ең көп болатын түрі көру агнозиясы. Адамның көру қабылдауы адамның айналасындағы қоршаған орта туралы мәлімет алудың ең негізгі каналы болып есептелінеді. Адамның барлық психикасының процестері афферентті, эфферентті жүйелер арқылы жүзеге асады. Мәлімет алуды адам әртүрлі қасиеттерді меңгереді.
1) Таңдамалылық.
2) Еркіндік.
3) Заттық және т.б.
Осы жоғарыда көрсетілген қабілеттің принциптер жүйесінде адам миында алынған мәліметтерді анализдеу және синтездеу процесі бір мезгілде жүзеге асады. Көру агнозиясы бірнеше агнозияны жүзеге асыратындықтарын айтып өтейік.
1) Заттық.
2) Түстік.
3) Келбеттік.
4) Саусақтық.

ІІ бөлім. Түрлі зақымдардан гнозистің бұзылуы.
2.1. Мидың маңдайлық бөлімдері әлсірегенде гностикалық процестердің бұзылуы.

Мидың маңдайлық үлестері әлісреген кезде психикалық процестердің бұзылуына арналған әдебиеттерде осы жағдайларда байқалған сонзорлық процестердегі өзгерістерге жекелеген көрсеткіштер ғана кездеседі. Маңдайлық үлестер әлсірегенде инетероцептивті сезімталдық пен денені сезінудің бұзылуын байқауға болатынын кейбір авторлар ғана көрсетеді; осы бақылаулардың негізінде Мунк және т.б. маңдайлық үлестер ішкі тітіркеністерді анализіне қатысты және сол арқылы оларды Korpergefuhlsphore ретінде баяндауға болады деген болжам жасады. Алайда бұл зерттеулер ары қарай өріс алмады.
Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарда экстероцептивті, мысалы көру, түйсігінің өзгеруі де аз зерттелген. Түйсіктік көру көзге дейін жететін пассивті сәулелер болып табылмайтыны белгілі. Ол өте көп ақпарат тасушы нүктелердің бөлінуінде және оларды бір-бірімен салыстыруда көрініс беретін белсенді іздеу процесі болып табылады. Сензорлық компоненттермен қатар ол моторлық компоненттерді де (көздің қабылдаған объектілі «қоршайтын» белсенді қозғалыстары) құрамына алады.
Осы түйсіктің белсенді қозғаушы компоненті бәрінен бұрын мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде жапа шегеді.
Мидың маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарды бақылау кезінде алынған фактілер симптомдардың аталған әлсіреулер кезінде түйсік процестерінің қатты бұзылуы туралы растайтын тұтас сериясын сипаттауға мүмкіндік береді.
Біз көру түйсігінің миының маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарда орын алатын ерекшеліктеріне қысқаша тоқталамыз.
Ми қабықшасының әлсіреу қатарында, әсіресе оны желке бөлімдері әлсіреген кезде, көру түйсігінің процесі тікелей бұзылатыны белгілі, алайда бұл жағдайларда көру анализі мен синтезінің ақаулары атап айтқанда щолудың бағдарлаушы қозғалыстарын белсендіру есебінен белгілі көлемде жинақталуы мүмкін. Сонымен түтікшелік көретін науқас көру кеңістігіне қанағаттандырарлықтай бағдарлама алады және оның ақауы (қоршаған) айналасындағыларға мүлдем байқалмайды.
Мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде мүлдем басқа нәтижелер пайда болады.
Мидың маңдайлық үлестерінің әлсіреуіне көру түйсігінің бұзылуы қалыпты кезде әрекеттің бағдарлаушы негізін жасайтын белсенді іздену қызметінің бұзылуымен байланысты болады. Миының маңдайлық үлестері әлсіреген науқастарда бұл ақау объектіні белсенді қараудың шолудың белсенді эқозғалыстарының бұзылуы арқылы бұзылуында жиі көрінеді, көру түйсігінің моторлық қырының дәл осы ақаулары гностикалық процестер бұзылуының мидың маңдайлық үлестері әлісрегенде байқалатын синдромның негізін құрайды. Ми үлесінің жаппай ісіктері кезінде жиі орын алатын көру жүйкесінің атрофикалық процестері мен байланысты жағдайларда көру өткірлігі төмендеп, көру аймағы шектелетіндігі, миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқас бұл ақаауларды шолудың белсенді әрекетімен жою жағдайында болмайтыны және науқастың көру түйсігі зерттеушілер жиі сипаттаған тактильді сипатта болатындығы міне, сондықтан. Осыған сәйкес миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастың миының артқы бөлімдері әлсіреген науқастан тікелей ерекшелігі өзіне көрсетілген заттың бөлшектерін өте аз қабылдайды.
Шолу қозғалысының бұзылуымен тығыз байланысты мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде көру түйсігі патологиясының екінші бір синдромы – тез қимылдайтын объектілерді қабылдау қиындықтары тұр. Кейде қандай да бір заттағы науқастың назарын белгілеу, ал сосын оны кеңістіктегі бір нүктені инертті түрде белгілеуді жалғастырушы науқас таба алмау үшін басқа орынға ауыстыру жеткілікті.
Назар инерттілігімен әдебиетте назар ауытқуларының феналенінің бұзылуы бұзылуы ретінде белгіленетін құбылыс та байланысьы. Бендер мен Тейбердің, Коэн мен бірқатар ғалымдардың зерттеулері көрсеткеніндей миының маңдайлық үлесі ауыр, әсіресе екі жақты, әлсіреген науқастар көру назарының қалыпты ауытқуын қамтымайды және бірнеше минут ішінде бәсекелес екі көру құрылымының біреуін ғана көреді. Осыған ұқсас фактілер автордың көне бақылауларынан да алынды.
Вейгл (бір бүтінге енетін бірнеше танымдық элементтер) немесе Поппельрейтердің (бір-біріне жиектерімен қойылған ернеулер тобы) фигураларын қабылдау миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарды бұл науқастар суреттің бір ғана бөлмелі инертті түрде белгілеуді жалғастыруда және қажетті жеңілдікпен бір компоненттен екіншісіне қосылмайды деп сипатталады.
Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастарда көру түйсігінің бұзылуын оларға жекелеген бөлшектері жалпы геометриялық құрылыммен қапталған Готикальдтың белгілі фигураларын көрсете отырып байқауға болады. Миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқас бүтінмен, тіпті ол алдын ала көрсетілсе де, өзіне қажетті жеке құрылымды бөлшектеп ала алмайды. Осыған ұқсас нәтижелерді галогенді және құрылымдық ұйымдасқан өрістен фигураларды бөліп алу сынағын пайдаланған Тейбер мен Вейншитен, сондай-ақ Страусс пен Летинен сипаттады. Миының маңдайлық үлестері әлісреген науқастар бұл жағдайлардың барлығында да фигураларды бөліп алуда айтарлықтай қиналды.
Біртектес фоннан белгілі құрылымды бөлу тапсырмасы мұндай науқастарымен дәл қалай іске асырылатыны ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін. Егер Ревод Аллан өз дәуірінде сипаттаған әдістемені пайдалана отырып, маңдайшық синдральды науқасқа шахмат тақтасына белгілі бір құрылымды бөлуді тапсырсақ, ол тапсырмаға сүйенбей және қапталдық тітіркендіргіштердің ықпалына сүйене отырып, үнемі бөтен (клеткаларға) торларға баратын болады. Алдын ала нұсқаумен берілген көру байланыстары қаншалықты берік еместігін және науқастар тікелей әсер ететін көру факторларының ықпалына қаншалықты оңай берілетінін көру үшін, миының маңдайлық үлесі әлсіреген науқастың осындай тапсырманы қалай шешетіні жөніндегі графикалық хаттамаға ұңілу жеткілікті. 101-сурет миының маңдайлық үлестері жаппай әлсіреген науқастарда біртектес фоннан белгілі құрылымды бөлу. Науқастар (сол жақ маңдайлық үлестің кистамен ісінуі). Суреттер шахмат тақтасынан белгілі үлгіні бөлуге тырысқан науқас саусағының қозғалу траекториясын көрсетеді.
Мидың маңдайлық үлестері әлсірегенде көру түйсігінің бұзылуы, көріп отырғанымыздай, шолу қозғалысының бұзылуымен ғана байланысты емес, бұл симптомның негізінде. Маңдайлық синдромды науқастарда сензорлық секілді, қозғалтушы ортада да өте оның көрінетін жүйке процестерінің патологиялық инерттілігі жатыр.

2.2. Көру қабықшасы әлсірегенде заттық қабылдаудың бұзылуы және симультантты агнозия.

Заттар мен оларды көру түсінігінің процесі қаншалықты күрделі екендігі белгілі.
Соңғы рет Брунер шолку жасаған көптеген зерттеулер қатары шынайы зат пен оның бейнесін көру түйсігінің қарапайымдылығы мен тікелігі жалған болатындығын, және бұл процестің бүкіл күрделілігі толық есептілікпен көріну үшін көру түйсігінің шартын біршама қиындататынын көрсетеді. Дәл осы жағдайларда заттарды және әсіресе бейнелерді соңғы тану күрделі перцепторлық қызмет нәтижесі болып табылатындығы айқын болады.
Олай болса көру түйсігінің арнайы жағдайларда зерттелуі күрделі түзіліске ие болатындығынкөрсетеді. Генетикалық зерттеулер (Плаже, 1935; А.В.Запорожец, 1960, В.П.Зимненко, 1658 және т.б.) сәбиде көру түйсігінің дамуы сәйкес сатылардан өтетіндігін көрсетеді. Алдымен затты қолмен және көзбен сырттай қармау және сонан соң ғана қабылдаудың қысқартылған формалары. Көру түйсігінің шарттары күрделенгенде қабылданған объектінің және белгілерінде шоғырландыру процесі қайтадан жалаң болады, және қарастыру затты ұзақ уақыт бойы қозғалмалы көзбен қоршауға айналады.
Бұл мәліметтердің барлығы объектіні немесе оның бейнесін көру түйсігі күрделі белсенді процесс екендігін көрсетеді. Күрделі рефлекторлық сипатқа ие бұл процеске сензорлық және моторлық аппараттар, атап айтқанда, шоғырландыру зерттеу қызметін іске асыратын, көз қозғалысы аппараты қатысады.
Айтылғандардың балығы бас миы қабықшасының желке бөліктерінің әлсіреуі неліктен біртектес емес және кейде көру түйсігінің бұзылуының өте күрделі формаларына әкелетіндігін түсінікті етеді.
Біз көру актісінің психофизмалогиялық құрылымының анализіне жуықтау үшін бұл формалардың кейбіріне ғана тоқталамыз.
Көру қабықшасының алғашқы бөлімдерінің әлсіреуі күрделі көру түйсігінің біз жоғарыда сөз еткен өзіндік бұзылуларына әкелмейді. Екі жарты шардың поекциялық көру қабықшасының толық бұзылуы орталық зағиптықты болдырады; бір жарты шардың шектеулерінде орналасқан мұндай бұзылу көру аймағының бір жақты бұзылуына алып келеді, оның ішінара әлсіреуі орталық зағиптықтың шектеулі құбылыстарын болдырады. Алайда, сақтамалы көру аймағы, Гельб және Гольдштейн мен Тейбер көрсеткеніндей, қызмет етуін жалғастыра береді және көру аймағының ақауын табыспен жояды.
Егер әлсіреулер кең көру шеңберінен шықпаса, бірақ екі жарты шарды немесе олардың байланыстарын жұмылдырса, көру түйсігінің бұзылуы өте дөрекі және сонымен қатар құрылымы жағынан күрделі сипатқа ие болады. Вильбрандт пен Лиссауэрдің уақыттарында оптикалық агнозия оқиғасы ретінде сипатталатын бұл жағдайларда, науқастан көру өткірлігінің сипатталған ақаулықтары байқалмайды, алайда заттарды, және әсіресе олардың бейнелерін көру түйсігі бұл жерде бұзылған болып табылады.
Бұл облыстың жаппай әлсіреуі кезінде Лиссауэр (1889) «апперцептивті рухани зағиптық» терминін берген оптикалық агнозияның «классикалық» формасымен ауыратын науқас өте қарапайым заттардың, тіпті олардың бейнелерін де тани алмайды.
Оптикалық агнозияның сипатталған формасының негізінде «ес образдарының» бұзылуы емес және символдық функцияның бұзылуы жатпайды. Айтылғандар оптикалық агнозия көру түйсігінің оқшауланған элементтерінің синтезін күрделі көру жөнделуі болып табылады.
Сондықтан Денни-Браун мен басқалардың агнозияның кейбір формаларының негізінде аморфосинтездің патологиялық құбылысы жатады деген болжамы бізге өте нақты блып көрінеді және көріп отырғанымыздай, бұл құбылыс ерекше тез көрінетін тактильді агнозия оқиғаларына ғана (емес) жатпайды, оптика гностикалық құрылымдарға да тараған.
Біз әлі де оптикалық агнозияның физиологиялық механизмдері туралы аз білеміз. Алайда, мұқият патофизиологиялық зерттеу мұндай науқастардан сензорлық бұзылыстар қатарын табады деген күдік қалдырмайды.
Оптикалық агнозиялардың мұндай түсінігі үшін қосымша және өте тікелей мәліметтерді біз заттың қабылдау бұзылуының симптомдарын аснық көрсетпейтін, бірақ сол бұзылуда біршама басқа формада іздеуге мүмкіндік беретін оқиғалар анализінен аламыз.
1909 ж. Балинт өзіндік және өте нақтыкартиналы бақылауға мүмкіндік берген шеке жүйелерінің екі жақын әлсіреу оқиғасын сипаттады. Науқас объектілер мен олардың бейнелерін жақсы асырды. Алайда ол сол мезгілде тек бір объектіні ғана қабылдай алады. Оның көру аймағында екі объекті (мысалы, ине мен балауыз жалыны) пайда болғанда, ол біреуі ғана көре алады, егер ал формальды ине болған балауыз жарығы жоғалып кетті. Бұл бұзушылар онымен ассоцияцияланған басқа да симптомдармен семебелесті науқас назарын бір объектіден келесісіне еркін аудара алмады, оған көрсетілген объектіне назар аналитикалық адасуларына бола жоғалтып алды. Дәл осы құбылыс Балиннтік бүкіл синдромды, назардың психикалық бұзылуы деп атауына негіз болды. Осыған ұқсасбақылауларды ары қарай Г.Холмсон, Жанн және Ауриагер, кейінірек А.Б.Лурия, А.Л.Либус жасады. Күрделі көру объектісін қабылдаудың қалыпты процестері жоғары тиімді ақпарат бар пунктердің өзара арақатынасымен байланысты. Бұл бұзушылардың негізінде қандай механизмдер жатқанын біз әлі айта алмаймыз. Осылардың зерттелуі енді бастау керек.
Көру агнозиясының басқа формаларында байқалатын потологиялық құбылыстар әліде болса аз зерттелген. Оларға түске агнозия, символдық белгілерге агнозиялардың құбылыстары жатады.

Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы организмінің қызметі, оның ішінде жоғарғы жүйке жүйесі мен үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметі тез дамиды. Сезіну, қабылдау, ақыл-есікөңіл бөлуі, ойлауы сияқты балалардың жалпы психикалық дамуы күшейеді.
Кішкене сәбидің миының қызметі – үлкен ми сыңарларының қыртысы мен ми қыртысы асты бөліктерінің қызметі тез дамиды. Мидың бұл екі бөлігінің бірігіп атқаратын қызметін И.П.Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметі деп атаған.
Түйсіну негізінде функциялар дамиды. Жалпы психологияда оны таным деп белгілесе, нейропсихология оны белгілі бір модальдікке жататын гнозис деп атайды. Енді аса гнозистік пайда болу тарихы жөнінде бірер сөз. Антропогенез белгілі бір кезеңінде адам психиасында пайда болуы, яғни адамзаттың даму тарихында жекелеген анализаторларда ассоциациялық байланыс туындауымен келіседі. Космостағы жекелеген планеталар сияқты оның әрқайсысы бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Біртіндеп олар мәліметті біріне-бірі бере бастайды. Осыған орай бір түйсік екінші біреуінен қосымша күш немесе қуаттауы болғаннан кейін, немесе басқалай айтсақ, басқамен біріге отырып, күрделі дағды – гнозистылыққа айналады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түрі жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.

Последние записи

Закладки и Отметки

Оставить ответ

Submit Comment
Яндекс.Метрика